Мас күйінде көлік басқарған үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов  ауданының №2  соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының  6-бөлігімен аудан тұрғынын әкімшілік жауапкершілкке тарту туралы әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, құқықбұзушы көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлға бола тұра, алкогольді масаю күйінде автокөлігін басқарған. Медициналық куәландыру барысында құқықбұзушыдан ішімдікпен мастанудың жеңіл дәрежесі анықталған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігін алмағандығын, көлік құралын мас күйінде жүргізгендігін, істеген әрекетіне өкінетінін көрсетті. 

Сот оның кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

                     

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі