Жол жүру ережесін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық соты  ҚК-нің 346 б. 1 б. (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде авкокөлік басқарған

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот, соталушыға жаза тағайындағанда ҚР ҚК-нің 53 бабына сай, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін ескереді.

Соттың үкімімен сотталушы аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 200 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі