Архив событий

18/07/2016

Орал қаласында әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша сот үкімі жарияланды

18/07/2016

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты үстіміздегі жылдың 3 айында телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып әлеуметтiк, ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасаған Жанат Есентаевқа қатысты сот үкімін жариялады.

Сот Ресей Федерациясының азаматшасын әкімшілік жауаптылыққа тартты

18/07/2016

Сырым аудандық соты Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік ісін қарады (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Жәнібек аудандық соты 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмысты қорытындылады

18/07/2016

Жәнібек аудандық сотында өткен брифингте сот төрағасы А.Бижанов 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған сот төрелігінің қорытындысын хабарлады.

Шараға аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/07/2016

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 699 б. әкімшілік ісін қарады.

Мәлім болғанындай, құқық бұзушы Х. әкімшілік жаза салу туралы қаулы бойынша салынған айыппұлды мемлекет пайдасына төлемеген.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы құжаттарды қабылдау» тақырыбында семинар сабағы өтті

18/07/2016

Казталов аудандық сотында кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Төрелік» ақпараттық бағдарламасы арқылы «Сот кабинеті» сервисімен түскен құжаттарды қабылдау және жауап қайтару» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

18/07/2016

Елбасының Судьялардың VI съезінде сот өндірісінде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану, дауларды сотқа дейінгі реттеу институттарын және өзара қарым - қатынасты жан – жақты нығайту туралы берген тапсырмаларын орындау мақсатында аудандық әкімшілік ғимаратында Бөкей ордасы аудандық сотының судьясы С.Т.Худайбергенов пен Бөкей ордасы ауданының әкімі Н.С.Рахымжанов өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша меморандумға қол қойды.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/07/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 200 б. 3 б. (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:  этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) жинақталған әкімшілік істі қарады.