Сот шартты түрде босату туралы өтінішхатты қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық соты ҚР ҚК-нің 103 бабы 1 бөлігімен (1997ж. редакция) 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғанның жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхатын қарады.

ҚР ҚК-нің 72 бабын сай, бас бостандығын шектеуді өтеуші, ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;қылмысымен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса және қоғамдық тәртіпті бұзушылық жауаптылыққа тартылмаса, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға жатады.

Сот сотталушының жазасының жартысын өтеуін, оның жазасын өтеуден жалтармауын, жақсы мінездемесін және келтірген шығынды толық өтеуіне байланысты  өтінішхатын қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның 7  ай 17  күннен тұратын өтелмеген бөлігін өтеу мерзімінен бұрын  шартты түрде босатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі