Архив событий

07/07/2016

Бөкей ордасы аудандық сотында өткен брифингте 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы талқыланды

07/07/2016

Бөкей ордасы аудандық сотында судья С.Худайбергеновтың төрағалық етуімен 2016 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысына арналған брифинг оздырылды. Брифингке аудандық «Орда жұлдызы» басылымының тілшісі Р.Бахитова, Бөкей ордасы ауданының прокуроры Н.Е.Байменов және сот мамандары қатысты.

Ішкі конкурсқа қатысуға жіберілген қызметшілердің тізімі

07/07/2016

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі  конкурсқа қатысуға жіберілген қызметшілердің тізімі:

1.     Сейткалиев Руслан Муратович;

Астана – Тәуелсіздік нышаны, халықтың және мемлекеттің бірлігінің нышаны

07/07/2016

Бөрлі аудандық соты төрағасының м.а. Нұртас Ибрашовтың төрағалық етуімен  аудандық сотында адвокаттар және сот қызметкерлері қатысуымен Астана күнін мерекелеу шеңберінде, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын қолдау мақсатында салтанатты жиын өтті.

Астана күніне орайластырылған шара

07/07/2016

Орал  қаласының  №2  сотында  сот  қызметкерлерінің  мемлекет  дамуына  өз  үлестерін  қосу  мақсатында   патриоттық  құндылықтарын  нығайтуға  бағытталған,  Астана  күніне  орай  салтанатты   шара  өтті.

Сот  төрағасы  М.А.Иманбаев  сот  қызметкерлерін  мерекемен  құттықтап, мемлекет  тарихындағы   Астананың   рөлінің  маңыздылығын  атап көрсетті.

Елордамыз Астана күніне орай спорттық шаралар оздырылды

07/07/2016

Казталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 04 шілде 2016 жылы Елордамыз Астана күніне орай ауыл тұрғындары арасында үстел теннисімен және шахматтан мерекелік жарыс оздырылды

Банкрот және оңалту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

07/07/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Банкрот және оңалту»  Заңы тақырыбында дөңгелек үстел өтт.

Дөңгелек үстелге судьялар,  банкроттық басқарушылар,  уақытша   басқарушылар және  уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Қарыз шартынан туындаған дау шешілді

07/07/2016

Теректі аудандық соты қарыз шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап арызға сәйкес, 2016 жылдың 12 қантардағы қарыз шарты бойынша   талапкер 2016 жылдың 20 тамызына дейін жауапкерге 1 800 000 теңге қарызға берген.

Сот жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы істі қарады

07/07/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-ің талап арызы бойынша жеке кәсіпкерден жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы азаматтық іс қаралды.