Архив событий

29/07/2016

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен аяқталды.

29/07/2016

Ақжайық аудандық №2  соты ҚР ҚК-нің 109-бабымен жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы алкогольдік масаң күйінде, ешбір себепсіз жұдырығымен  жәбірленушінің бетінен ұрып, тән ауруын келтірген.

Орал қалалық соты облыстық камералық оркестрінің бұрынғы басшысына қатысты үкімді жариялады

29/07/2016

2008 жылдың маусым айынан 2015 жылдың шілде айын дейінгі аралықта Гүлжан Алиева Батыс Қазақстан облыстық облыстық камералық оркестрдің басшысы боп жасаған кезде, шын мәнінде жұмыс жасамайтын үш қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарып, оларға жалақы, сыйақы, іс-сапар ақыларын аударып, кейін оларға түскен ақшаны өз пайдасына жаратып, мемлекетке 15 миллион теңгеден астам сомаға шығын келтірген.

«Төрелік» жүйесінде электрондық атқару құжаттарын жолдау мәселелері бойынша семинар өтті

29/07/2016

Тасқала аудандық  сотында кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова сот мамандарымен «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді.

Кеңсе меңгерушісімен «Төрелік» АЖ іс жүргізу мен сот өндірісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуге назар аудартты.

Үйден шығару туралы дау медиация тәртібімен реттелді

29/07/2016

Зеленов ауданының №2 соты азаматтық іс бойынша үйден шығару туралы дауды медиация тәртібімен бекітті.

Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Дариян ауылдық округінің кәсіби емес медиаторының қызметіне жүгінді.

Электрлі қаруды тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

29/07/2016

Зеленов ауданының №2 соты  Ресей Федерациясының азаматына қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Ресей Федерациясының азаматы ішкі істер органдарының тиісті рұқсатынсыз, көлік салонында электрлі қару «LDL – X4» моделді электрошокерін заңсыз тасмалдаған.