Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделгендей сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау, жеке тұлғаларға – он АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады, не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Алиментті уақытылы, толық төлеу заңмен бекітілген. Алайда, заң талабын орындамай алимент төлеуден жалтарып жүргендер азаймай отыр.

 Ақжайық аудандық №2 соты ӘҚБтК-нің 669-бабы әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сай, Ақжайық аудандық №2 сотының 13.10.2014 ж. борышкерден  үш баласын асырау үшін алимент өндіру туралы  шешім шығарылған болатын. Алайда, құқықбұзушы 2014 жылдың қазан айынан 2016 жылдың шілде айы уақыт аралығында алимент өндіру туралы шешімін өз еркімен орындамаған. Соның салдарынан құқық бұзушының берешегі 1132084 теңге құраған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, жұмысы жоқтығын түсіндірді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі