Архив событий

13/07/2016

Базалық сотта семинар өтті

13/07/2016

Орал қалалық сотында облысымыздың сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар болып өтті. 

Семинарға  өңіріміздің  соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Ағымдағы жылдың 6 айында аудандық сот ұсақ бұзақылық үшін 35 тұлғаны әкімшілік жауапқа тартты

13/07/2016

Казталов ауданының №2 соты ағымдағы жылдың 6 айында «Қоғамдық тәртіпте адамгершілікке қол сұғушылық әкімшілік құқықбұзушылық» 25-тарауы бойынша  құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 37 әкімшілік іс қарады.

Азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

13/07/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы Акционерлік қоғамы жеке кәіпкерден жылу энергиясын жеткізгені үшін  37 163 теңге берешек сомасын, 699 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/07/2016

Орал қалалық сотымен ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2014 жылдың жазында сотталушы бірнеше рет ұялы телефондар мен планшеттерді жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушілерге 62 мың теңге көлемде материалдық шығын келтірген.

Облыстық соттың мамандары Қаратөбе аудандық сотының қызметкерлері және жергілікті басылым тілшісімен «дөңгелек үстел» өткізді

13/07/2016

Қаратөбе аудандық сотында Сот кабинетін халыққа кеңінен насихаттау, барлық санаттағы істерді дыбыс-бейне жазба құралын пайдалану арқылы жүргізу және сот актілерінің орындалу барысы туралы дөңгелек үстел өтті.

Қаратөбе аудандық сотында 6 айдың жұмысын қорытындылауға арналған брифинг өтті

13/07/2016

БҚО Қаратөбе аудандық соты «Қаратөбе өңірі» газетінің тілшісінің қатысуымен 2016 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифингте сот төрайымы Б.Ш.Жангирова алдымен  2016 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Оқты заңсыз сақтаудың салдары

13/07/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482 б. 1б. әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, құқықбұзушы iшкi iстер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған бір дана оқты заңсыз сақтаған.

БҚО соттарының 2016 жылдың 6 айында атқарған сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

13/07/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз маслихаты өтті.

Шараға облыстық сотының алқа төрағалары мен судьялары қатысты.