Шетелдік азамат ЖҚЕ-нің талаптарын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық №2 соты Өзбекістан Республикасының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен әкімшілік істі қарады.

Шетелдік азамат жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, алдында келе жатырған көлік құралына соқтығысып, соның салдарынан көлік құралының иесіне материалдық залал келтірген.

Ақжайық аудандық №2 сотының қаулысымен Өзбекістан Республикасының азаматына 10 АЕК мөлшерінде  айыппұл жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі