Тараптар дауды медиативтік келісім арқылы шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық соты коммуналдық қызмет үшін төленетін төлем қарызын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Тараптар істі қарау барысында кәсіпқой емес медиаторға жүгініп,  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сай  дауды (дау-шарды)  реттеу  туралы»  келісім жасап сотқа ұсынды.

Келісім бойынша жауапкер  талапкерге коммуналдық қызмет үшін төлем қарызын және мемлекеттік баж соммасын 27.09.2016ж. өтеуге міндеттелген.

Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңының 27-бабының 3-бөлігіне сай, дауды реттеу туралы келісімді тараптар ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 277 б. 6 б. сай, сот азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі