Жанақала аудандық соты

«Түнгі сот» жобасы аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды

18/06/2019

Істің жедел қаралуы «Түнгі сот» пилоттық жобасының тиімділігін және азаматтардың жұмыс уақытынан тыс өздеріне жайлы уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қаралуына қатысуына мүмкіндік туғызатынын анық көрсетеді.

Жаңақала аудандық сотының төрағасы Жаңақазан және Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

03/04/2019

Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов Жаңақала ауданы Жаңақазан және Жаңажол ауылдық округтерінің ауыл тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Кездесуге аудан әкімі Наурызбай Карағойшин, аудандық полиция бөлімінің және мемлекеттік мекеме басшылары, медиаторлар мен билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Жаңақала аудандық сотында семинар сабағы өтті

21/01/2019

Жаңақала аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын түсіндіру бойынша семинар сабағы өтті.

Жаңақала аудандық сотының төрағасы С.Меңдешев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

17/07/2018

Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов Жаңақала ауданы С.Меңдешев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге С.Меңдешев ауылдық округінің әкімі Ахан Қапанов, қоғамдық кеңес мүшесі Сатыбай Альмуханов, кәсіби емес медиатор Жасхайрат Тулеугалиев, селолық әкім аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңақала ауданында қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық теріс қылықтар үшін жазалаудың кең тараған түріне айналды

07/12/2017

Қоғамдық жұмыстар негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос мезгілінде ақы төленбейтін қоғамдық пайдалы жұмыстарды (жұмыс түрін атқарушы билік органдары анықтайды) орындау болып табылады және ол көбіне тәрбиелік сипатқа ие.

Сот некені бұзу туралы азаматтық істі партисипативтік рәсімін қолдану нәтижелері бойынша тоқтатты

11/10/2017

Аудан тұрғыны жаңақала аудандық сотына неке бұзу туралы талап арызымен жүгінді.  

Сот отырысы барысында тараптар екі жақтын адвокаттарымен кол қойылған партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұрады.

Жаңа қала ауданында медиацияны қолдану мәселелері талқыланды

22/09/2017

Жаңақала аудандық сотында істерді қарау барысында медиацияны қолдануы бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға «АЖАР», «Ардагерлер ұйымы», «Әйелдер қоғамдық кеңесі», «Руханият» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, кәсіби емес медиатор, адвокат қатысты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясы

01/02/2016

Жаңақала аудандық сотында 2015 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Шара барысында сот төрағасы А.Ғапуов соттың жылдық жұмысы жөнінде баяндап, түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін өткен жылмен салыстырмалы түрде атап өтті.

Тараптар бітімге келді

10/09/2015

Жаңақала аудандық сотымен талапкер Х-ның жауапкер С-тан 516 000 теңге берешек өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот барысында анықталғандай, 2014 жылдың 01 маусым күні жауапкер 516000 теңгені сол жылдың 01 шілде күні қайтарып беретін болып қарызға алған. Алайда осы уақытқа дейін қайтармай келген.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар татуласу келісім жасасты, оған сай жауапкер берешегін қайтаруға және мемлекеттік бажды төлеуге міндеттенеді.

Сот татуласу келісімді бекітіп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. 

Теги: татуласу келісімі.