Жаңа қала ауданында медиацияны қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотында істерді қарау барысында медиацияны қолдануы бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға «АЖАР», «Ардагерлер ұйымы», «Әйелдер қоғамдық кеңесі», «Руханият» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, кәсіби емес медиатор, адвокат қатысты.

Сот төрағасы А.Ғапуов, медиация - белгілі бір мақсаттарға жету үшін тараптардың ерікті негізде тандалатын дауды шешуге бағытталған соттан тыс әдіс екендігін айтып берді. Сонымен қатар, медиация тараптары медиаторды ерікті түрде таңдауға немесе медиатордан бас тартуға, жеке өзі немесе медиацияны жүргізуге заңда белгіленген тәртіп бойынша сенімхатпен ресімделген өкілдері арқылы медиациядан кез келген сәтінде қатысудан бас тартуға құқылы екенінін айтып өтті. Дауды реттеу туралы келісімді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс жүргізуіндегі болған сотқа жүгінуге құқылы екендігін атап өтті.

Сонымен қатар шара барысында медиацияны қолдану тәртібі мен атқару өндірісі барысында туындайтын мәселелер талқыланды. Судья М.Шүкіров атап өткендей, сотқа дейінгі тәртіпте  орын алған медиативтік келісім жалпы  дау кезінде туындаған құқықтық шарт болып табылатынын атап өтті. Мысалы, жұмыскерді заңсыз жұмыстан босату  негізінде дау туындаса, ол медиация тәртібіндегі еңбек дауын реттеу туралы жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы келісім деп аталады. Ал егер жұбайылардың арасында баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді бөліп алу туралы болса, ол отбасы құқық нормасына сай келуі тиіс.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылары медиативті келісімді бекіту кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Іс шара соңында қатысушылармен медиация институтын дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.