2015 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотында 2015 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Шара барысында сот төрағасы А.Ғапуов соттың жылдық жұмысы жөнінде баяндап, түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін өткен жылмен салыстырмалы түрде атап өтті.

Сот төрағасы статистикалық мәліметтерге сай, 2015 жылы қаралған қылмыстық істер саны 2014 жылмен салыстырғанда артқанын, 2015 жылдың 12 айында 73 қылмыстық, 337 азаматтық, және 385 әкімшілік істер қаралғанын атады. Істерді қараудың процессуалдық мерзімдері бұзылмаған.  

Негізгі жұмыстан бөлек, аудандық сот жыл бойына мемлекеттік және басқа мекемелермен кездесулер жүргізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндері және сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған басқа да шаралар өткізді. Судьялар мен сот қызметкерлерінің жергілікті «Жаңарған өңірі» газетінде мақалалары жарық көрді. Тұрақты негізде заңнаманы және сот практикасын жетілдіру бағытында жұмыс жалғасын табуда.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасы азаматтардың сот қызметіне және өткізіліп жатырған шаралар туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударды.

Қайнар: 
Отдел информационного обеспечения Западно-Казахстанского областного суда.