Жаңақала аудандық сотының төрағасы Жаңақазан және Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов Жаңақала ауданы Жаңақазан және Жаңажол ауылдық округтерінің ауыл тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Кездесуге аудан әкімі Наурызбай Карағойшин, аудандық полиция бөлімінің және мемлекеттік мекеме басшылары, медиаторлар мен билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауының сот жұмысына қатысты бағыттарын түсіндіріп, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы, атап айтқанда нотариустармен атқарушылық жазбаны жасау, жеке сот орындаушылардың қаулысын санкциялау, еңбек даулары бойынша айтып өтті.

Сонымен қатар Жоғарғы Сотының «Сот төрелігінің 7 түйіні», «Татуласу: Сотқа дейін және сотта», «Түнгі Сот», «Отбасылық Сот» пилоттық жобалардың бағыттары бойынша соттарда жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтып, соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі