«Түнгі сот» жобасы аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Істің жедел қаралуы «Түнгі сот» пилоттық жобасының тиімділігін және азаматтардың жұмыс уақытынан тыс өздеріне жайлы уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қаралуына қатысуына мүмкіндік туғызатынын анық көрсетеді.

Адамдарға ыңғайлы және әкімшілік істі қысқа мерзімде қарауды көздейтін «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Жаңақала аудандық соты қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы үш іс қарады.

Бұл әкімшілік істер бойынша орын алған құқықбұзушылықтың мән-жайларын дауламау, жасалған құқықбұзушылық үшін өз кінәсін мойындау, және іс құжаттарда әкімшілік жауаптылыққа тартылушылардың істі  сағат 18.00-ден кейін қарау туралы өтінішхаты болу негіздемелері,  толықтай сақталған.

Соттың қаулысымен әкімшілік жауаптылыққа тартылушылар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасы қолданылған. 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі