«Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс шараға Жаңақала аудандық сотының судьялары, сот қызметкерлері, Жаңақала ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері онлайн түрде қатысты.

Сот төрағасы С.Есжанов Қазақстанда қабылданған жаңа Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекс мемлекеттік қызметшілерді өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен және адал қарауға міндеттейтінін атап өтті. Шара барысында әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің басты мақсаты - мемлекеттік органдармен даулар кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен мүдделерін қорғау, яғни азаматтар мен биліктегі адамдардың құқықтарын теңестіретіні туралы айтылды. Сонымен қатар әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті, соттың белсенді рөлі, әкімшілік іс бойынша талап қою түрлері, мерзімі, татуластыру рәсімдері, сот шешімі, сот бақылауы жайлы талаптар түсіндірілді.

Шараға қатысушылар жаңа Кодекс талаптарын талқылап, аталған жаңашылдықтардың тиімділігін сөзге тиек етіп, өз ойларын ортаға салды.

Қайнар: 
пресс-служба Западно-Казахстанского областного суда