Орал қалалық соты

Оралда экономикалық қызмет саласындағы қылмысты дәрежелеу және жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданылу мәселелері талқыланды

10/05/2017

Орал қалалық сотында прокуратура, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің, кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.  

Облспорттың бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттікліктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

28/04/2017

Орал қалалық соты ҚР ҚК-нің 366 б. 3 б. 4т., 189 б. 3 б. 1,2т. бойынша Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт  басқармасының басшысы Т.Шаяхметовке қатысты сот үкімін жариялады.

Ұрлық фактісіне қатысты іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/04/2017

Орал қалалық сотында ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2017 жылдың ақпан айында Ч. және Б.  азық-түлік дүкенінің ғимаратына заңсыз кіріп, жалпы сомасы 68 000 теңге құрайтын тауарды ұрлаған, алайда оқиға орнында күзет қызметкерлерімен сол жерде ұсталған.

Қылмыстық істерді келісімдік іс жүргізу тәртібімен қарау

20/04/2017

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім егер күдікті  процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдірген; күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған;  процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде ғана жасалуы мүмкін.   

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/04/2017

Орал қалалық сотымен алаяқтық фактісіне қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2016 жылдың желтоқсан айында алаяқтық жолымен, өнімді сауда орындарына өткізу желеуімен жәбірленушінің көкөніс өнімдерін иемденіп, материалдық шығын келтірген. 

Қылмыстық процесте медиацияны ұтымды қолдану

07/04/2017

2011 жылдың 28 қаңтар күні елімізде ҚР «Медиация туралы» заңы қабылданды, аталған заң азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа қатынастардағы, сонымен қатар  орта, аса ауыр емес қылмыстар бойынша қолданылады. 

Кәсіби білімді бекітуге арналған оқу – тәжірибелік шарасы

06/04/2017

Кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыру және талқыланудағы тақырыпты бекіту мақсатында  Орал қалалық сотында сот мамандарының қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерімен жұмыс жасау тәртібін және электронды атқару парақтарын шығару тәртібін түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

Орал қаласында қылмыстық жазаны орындау мәселелері талқыланды

16/03/2017

Орал қаласында қылмыстық жазаны орындау мәселелеріне  қатысты  «дөңгелек үстел» өтіп, оның жұмысына Орал қалалық  сотының судьясы К.Өтешев,  БҚО прокурорының  көмекшісі А.К.Ахмулдин,  БҚО бойынша ҚАЖД РУ – 170/1, РУ – 170/2, РУ- 170/3 түзету мекемелерінің басшылары, БҚО әкімдігі аппаратының, БҚО ІІД-нің өкілдері  қатысты.

Беттер