Орал қалалық соты

Полиция қызметкерлеріне қатысты жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

14/04/2016

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты полиция қызметкерлеріне байланысты көрінеу жалған сөз жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі келісімдік іс жүргізуде қарады.

Денсаулыққа зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартылды

30/03/2016

Орал қалалық соты денсаулыққажеңіл дәрежедегі зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес сотталушы Орал қаласындағы үйлердің бірінің подъезінде жәбірленушімен сөзге келіп қалып, оған дене жарақаттарын келтірген. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сай әйел адамға жеңіл дәрежеде дене жарақаттары келтірілген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

30/03/2016

Орал қалалық соты ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Қылмыстық іс материалдарына сай А.Нигметов автобус аялдамасында А.Акмурзиеваның сөмкесінен ішінде 75 000 теңге ақшасы бар әмиянын жымқырып, ұрланған мүлікпен оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушіге аталған көлемде материалдық шығын келтірген.

Орал қалалық соты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысының орынбасарына қатысты істің үкімін жариялады

10/03/2016

БҚО Орал қалалық соты лауазымды тұлғаның пара алу фактісі бойынша қылмыстық істің үкімін жариялады

Іс материалдарына сай «Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Д.Казиева «Орал-Атаба»ЖШС-нің директорынан кәсіпорын қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған

Орал қалалық сотына жаңа судья тағайындалды

25/02/2016

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» 2015 жылғы 18 ақпандағы №197 Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты таратылды.

«Донор күні»

08/02/2016

Ақпанның 5-де Орал қалалық сотының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық қан орталығымен бірлескен "Донор күні" өтті.

Қалалық және мамандандырылған соттардың судьялары мен мамандары Батыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлеріне қан тапсырды.

Беттер