Орал қалалық соты

Кісі өлтірді деп айыпталғандар қамауға алынды

12/02/2015

Орал қалалық соты кісі өліміне сезіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы ұсынымды қарады.

Алдын ала тергеу органдары Орал қаласының тұрғындары 1980 ж.т. В.Бондарцев және 1953 ж.т. Д.Коньковты ішімдік ішу кезінде туындаған кикілжің барысында өздерінің танысын аса қатыгездікпен өлтірген деп айыптаған.

Соттың қаулысымен айыпталушыларға екі айға дейін «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындалды

11/02/2015

Орал қалалық сотында ұрлық пен тонау әрекетін жасаған Д.Колесниковке қатысты сот үкімі жарияланды.   

Іс материалдарына сай, былтырғы жылдың қыркүйек айында сотталушы Колесников би студиясының жанынан өтіп бара жатып, заңсыз түрде ішіне еніп,  ғимарат иесінің ноутбугі мен  бейнерегистраторын ұрлап кеткен.

Кейін, шамамен бір ай өткен соң, сотталушы өзінің танысының әйелінің қолынан ұрып, телефонын ашық түрде тонаған.

Екі эпизод бойынша сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады.

Студенттермен тренинг өткізілді

11/02/2015

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас ұрпақты құқықтық тәрбиелеу мақсатында Орал қалалық сотының бас маманы Б.Ж.Имашев Орал гуманитарлық колледжінде болып,  «Жастар арасында құқықтық сана-сезімді тәрбиелеу және заңды құрметтеуді қалыптастыру» тақырыбында тренинг-сабағын өткізді.

Шараға колледждің «Құқықтану», «Экономика», «Дене шынықтыру» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты. Заң талаптарын сақтау, жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, құқықбұзушылық салдары туралы маңызды мәселелер айтылды.

Айдауыл қызметкеріне қатысты сот үкімі жария болды

29/01/2015

Орал қалалық сотында бопсалау, алаяқтық, пара беруге итермелеу  белгілерімен қылмыс жасаған БҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасы айдауыл қызметінің полиция сержанты Куспановқа қатысты  қылмыстық істің үкімі жарияланды.

Полиция қызметкері қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, қылмыстық іс бойынша күдіктіні ірі көлемде  пара беруге итермелеген.

Орал қалалық сотында 2014 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өтті

28/01/2015

Бүгін, Орал қалалық сотында 2014 жылдың жұмысы қорытындыланды. Брифингте жергілікті «ТДК-42», «Қазақстан-Орал» телеарналарының тілшілері   қатысты.

Аталған есептік кезеңде сот  өндірісінде 897 қылмыстық іс болып, оның 781 өндіріспен аяқталған.

Үкім шығарумен 463 қылмыстық іс қаралып, 550 тұлға сотталған.

Жаза тағайындау бойынша  бас бостандығынан айыруға 211, шартты түрде 6, бас бостандығын шектеуге 214, қоғамдық жұмыстарға 8, айыппұл түрінде 11  азаматқа қатысты сот үкімі шығарылған.

Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел

15/01/2015

 

Орал қалалық сотында «Күзет ұйымы тұрғысынан терроризмге қарсы іс-қимыл негіздері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің аға инженері, полиция полковнигі М.С.Габдуллин, взвод командирі аға лейтенант Т.М.Жолимов, Орал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Е.Е.Нұрсұлтанов, сот приставтары мен мамандар және студенттер қатысты.

Жалған террорист жазаланды

13/01/2015

 

Орал қалалық соты автобекет ғимаратын жармақшы болған, Орал қаласының тұрғынын үш жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге тағайындады.

Іс материалдары бойынша өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Орал қаласының тұрғыны өзінің ұялы телефонынан автобекеттің кезекші диспетчеріне қоңырау шалып,  ғимаратты жарамын деп қорқытқан.

Оқиға орнына келіп жеткен барлық шұғыл қызмет түрлері автобекет ғимаратын тексеріп, жарғыш затты таппаған.

Қамауға алуға санкция берілді

12/01/2015

 

Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысының 4 тұрғынына қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Аталған тұлғалар Орал қаласындағы дүкенге қарақшылық шабуылын жасады деп айыпталған.

Медициналық бетперде киіп, шолақ мылтықпен қаруланған олар «Лада Приора» автокөлігімен қала сыртындағы дүкенге келген.

Орал қалалық сотында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы талқыланды

08/01/2015

Орал қалалық сотының жедел кеңесінде Елбасының 26.12.2014ж. Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын талқылау барысында  Қазақстан Президентінің алға қойып отырған ең маңызды міндеттерінің бірі  жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі екендігі және сыбайлас жемқорлық қылмысын болдырмау үшін қажетті шаралар жасалып жатқандығы айтылды.

Сот қызметкерлері қан тапсырды

23/12/2014

 

23 желтоқсан күні Орал қалалық сотының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық қан орталығы және Орал қалалық сотының ұйымдастыруымен   «Донор күні» шарасы өтті.

Батыс Қазақстан облыстық қан орталығының медициналық қызметкерлері Орал қалалық сотының ғимаратында сот мамандарынан қан алды.

Батыс – Қазақстан облыстық сотының қызметкерлері, Орал қалалық сотының, Орал қаласының № 2 сотының судьялары мен мамандары қн тапсырды. Қан тапсырылған  соң, донорлық анықтама берілді. 

Беттер