Қылмыстық процесте медиацияны ұтымды қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2011 жылдың 28 қаңтар күні елімізде ҚР «Медиация туралы» заңы қабылданды, аталған заң азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа қатынастардағы, сонымен қатар  орта, аса ауыр емес қылмыстар бойынша қолданылады. 

Аталған Заңның 2 бабына сай медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

Құқық саласындағы медиация -  тараптардың осы талас-тартыста мүдделі емес үшінші тарап – медиатордың қатысуымен дауларды баламалы реттеу технологиясы нысандарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда сот процесіне қатысушылар, адвокаттар және тараптардың басқа өкілдері дауларды бітімгершілікпен шешу мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда.

Орал қалалық соты азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

2017 жылдың 1 тоқсанында Орал қалалық сотында медиация рәсімін қолданумен 39 қылмыстық іс қысқартылды. Жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың ауырлығы негізінен аса ауыр емес, орташа  дәрежелі қылмыстар және қылмыстық теріс қылық туралы істер (жеке меншікке қарсы қылмыстар, отбасылық қатынастардағы қылмыстық теріс қылықтар) құрайды.

Алдағы уақытта да сотта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі