Облспорттың бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттікліктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық соты ҚР ҚК-нің 366 б. 3 б. 4т., 189 б. 3 б. 1,2т. бойынша Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт  басқармасының басшысы Т.Шаяхметовке қатысты сот үкімін жариялады.

Қылмыстық іс материалдарына сай Т.Шаяхметов лауазымды тұлға бола тұра, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімшелерінің өкілдерінен жұмыс барысында жалпы қамқорлық көрсету үшін делдал арқылы пара алған.   Сонымен қатар өзінің лауазымын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған 1 475 000 теңгені құрайтын ақша сомасын жымқырған.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыптау бабын өзгертіп, ҚР ҚК-нің 362б. 4б. 3т. қайта саралауды өтінді, яғни  өзi үшін пайда мен артықшылықтар алу, басқа адамдар мен ұйымдарға зиян келтiру мақсатында  лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану белгілерімен саралауды сұраған.

Орал қалалық сотының 27.04.2017 жылғы айыптау үкімімен Т.Шаяхметов ҚР ҚК-нің 362б. 4б. 3т. айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен өмір бойы мемлекеттік қызметте айналысу құқығынан айыра отырып 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза түзеу колониясының жалпы режимінде  өтелетін болады.

Сот үкімі заңы күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі