Орал қалалық соты

Масаң күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

07/09/2016

Орал қалалық сотын жол көлік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

2016 жылдың  шілде айында сотталушы көлікті басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, мас күйінде мотоцикл жүргізген. Медициналық куәландыру қорытындысына сай жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» алкогольді масаң күйінде болғаны анықталды.

Орал қалалық соты облыстық камералық оркестрінің бұрынғы басшысына қатысты үкімді жариялады

29/07/2016

2008 жылдың маусым айынан 2015 жылдың шілде айын дейінгі аралықта Гүлжан Алиева Батыс Қазақстан облыстық облыстық камералық оркестрдің басшысы боп жасаған кезде, шын мәнінде жұмыс жасамайтын үш қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарып, оларға жалақы, сыйақы, іс-сапар ақыларын аударып, кейін оларға түскен ақшаны өз пайдасына жаратып, мемлекетке 15 миллион теңгеден астам сомаға шығын келтірген.

Орал қаласында әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша сот үкімі жарияланды

18/07/2016

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты үстіміздегі жылдың 3 айында телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып әлеуметтiк, ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасаған Жанат Есентаевқа қатысты сот үкімін жариялады.

Орал қалалық соты 2016 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмысын қорытындылады

15/07/2016

Орал қалалық сотында 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Шараға «ТДК-42» телеарнасының, «Мой город», «Уральская неделя» басылымдарының журналистері қатысты.

Базалық сотта семинар өтті

13/07/2016

Орал қалалық сотында облысымыздың сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар болып өтті. 

Семинарға  өңіріміздің  соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/07/2016

Орал қалалық сотымен ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2014 жылдың жазында сотталушы бірнеше рет ұялы телефондар мен планшеттерді жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушілерге 62 мың теңге көлемде материалдық шығын келтірген.

Орал қалалық сотында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бойынша «дөңгелек үстел» өтті

27/05/2016

Орал қалалық сотында қаламыздың «Ақ отау» және «Гауһар жол»  қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуларымен «Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Беттер