Орал қалалық соты

Орал қалалық соты алаяқтық ісі бойынша сот үкімін жариялады

08/12/2015

Орал қалалық соты ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қарады

Қылмыстық іс материалдарына сай, БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының тұрғыны Г.Ш.Кузнецова бірнеше жыл бойы өзінің таныстарынан келісілген мерзімге ірі сомада қарыз алып отырған. Бірақ, белгіленген мерзімде қаражатты қайтармаған. Жәбірленушілерге 21 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Қарақшылық жасағаны үшін сотталды

07/12/2015

Орал қалалық соты  қарақшылық жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай, сотталушы 2015 жылдың қыркүйек айында өзінің танысын пышақпен қорқытып, алты алқасын жұлып алған, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот үкімімен В.Чирков ҚР ҚК-нің 192б. 1б. айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

 

 

Бөтеннің мүлкін өртегені үшін бостандығынан айырылды

02/12/2015

Орал қалалық соты базар аумағындағы контейнерлерді өртеу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай, 2015 жылдың тамыз айының соңында Ш.Турмантаев Оралдағы орталық киім базарының аумағында жұбайының ішінде сатуға арналған заттары бар, жалға алған контейнерін  өртеген. Кейін, өрт басқа да контейнерлерді шарпып, салдарынан олардың да заттары жойылған.

Ш.Турмантаевтың әрекетінің салдарынан жәбірленушілерге аса ірі көлемде шығын келтірілген.

Орал қалалық сотында Тұңғыш Президенті күніне орай студенттермен семинар өтті

26/11/2015

Орал қалалық сотының судьясы Р.Н.Жумагулов  М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетінің және Ресей Федерациясының Калмыкия мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетінің студенттеріне  семинар өткізді.

Кездесу барысында судья Қазақстан Республикасының қазіргі сот жүйесі және оның ерекшеліктері сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықта қазіргі саяси тарихының  қалыптасып дамуындағы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы айтты.

Базалық сотта жас судьяларға арналған тренинг өтті

26/11/2015

Орал қалалық сотында Батыс Қазақстан облысының жас судьяларының қатысуымен тренинг  өтті.

Шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Н.Боранбаев, доғарыстағы судья М.Н.Джунусов, облысымыздың қалалық, мамандандырылған, аудандық соттардың жас судьялары қатысты.

Есірткі сақтағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

25/11/2015

Орал қалалық соты  есірткі құралын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2015 жылдың тамыз айында К.Омаров облысымыздың аудан орталықтарының бірінде болып, «марихуана» есірткі құралын алған. 

Кейін, жедел іс- шаралар жүргізу барысында оның автокөлігінде және тұрғылықты мекен – жайы бойынша есірткі табылған.

Процессуалдық келісім жасалды

23/11/2015

Орал қалалық сотында ҚР ҚК-нің 106б. 1б.  айыпталған Н.Муханбетовқа қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сай, сотталушы мен оның жұбайы арасында сөзге келушілік туындап, соңғысы күйеуін тыныштандыру үшін көмекке ағасын шақырған. Алайда,  ішімдікке масайған күйеуі ешбір әрекетке бағынбай, жәбірленушінің ішіне пышақ сұғып алып, оның өміріне қауіпті ауыр зиян келтірілген.

Базалық соттағы семинар

06/11/2015

Орал қалалық сотында облыстың сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар болып өтті. 

Семинарға  өңірдегі  соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшысы Н.Қажғанов сот қызметкерлеріне сот жүйесінде енгізіліп, кеңінен қолданылып жатырған жаңа технологиялар туралы, сонымен қатар «Сот кабинеті» жүйесі арқылы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қабылдау барысы жөнінде тоқталып өтті.   

Адам өліміне әкеп соққан ЖКО-сы бойынша істің үкімі жарияланды

06/11/2015

Орал қалалық сотында жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Іс материалдарына сай П.С.Бокаушин  2015 жылғы қазанның 4-де масаң күйінде, «Лифан» автокөлігімен Орал қаласының Құрманғалиев көшесінде, реттелмейтін жаяу жүргінші жолағында, 1988 ж.т. В.Марченконы қағып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға болған жерде қайтыс болған. ЖКО-нан кейін жүргізуші оқиға орнын кетіп қалған.

Орал қалалық сотында П.Бакаушинге қатысты қылмыстық істі қарау басталды

27/10/2015

Орал қалалық сотына 22.10.2015ж. ҚР ҚК-нің 345 б. 3 б. (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет), 347 б. (ЖКО болған жерден кетіп қалу) бойынша айыпталған П.С.Бакаушинге қатысты сотқа дейінгі жеделдетілген қылмыстық іс түсті.

Беттер