Орал қалалық соты

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

03/02/2016

Орал қалалық сотында қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай, қаланың ескі үйлерінің бірінде В.Ружейников пен оның достары арасында ұрыс басталып, ұрыс кезінде сотталушы масаң күйінде жәбірленушінің денесіне көптеген соққылар келтіру салдарынан соңғысы оқиға орнында қайтыс болған.

Базалық соттағы семинар

01/02/2016

Орал қалалық сотында облысымыздың сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар болып өтті. 

Семинарға  өңір  соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының персоналды басқару бөлімінің басшысының м.а. А.Мазалиева «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар» ҚР заңы бойынша енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып өтті.

Мүлікті өртегені үшін сотталды

22/01/2016

Орал қалалық соты бөтеннің мүлкін өртеу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай, А.Галимов алкогольді мас күйінде саяжай аумағында өзінің әпкесінің мүлкін өртеп жіберген.  

Орал қаласының прокуроры және Галимов қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келген.

Сот отырысында сотталушы келісімді қолдап, онда көрсетілген барлық талаптармен келісетінін айтып көрсетті. 

Орал қалалық сотында 2015 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

22/01/2016

Бүгін Орал қалалық сотында 2015 жылда атқарылған жұмыс  қорытындысына арналған брифинг өтті.

Шараға «ТДК-42» телеарнасының, «Мой город», «Информбиржа», «Уральская неделя» басылымдарының тілшілері қатысты.

Есептік кезеңде Орал қалалық сотының өндірісінде 1 111 қылмыстық іс аяқталып, 668 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 785 тұлға сотталды.

Дәлелдемелерді бұрмалаған тергеушіге қатысты сот үкімі

12/01/2016

Орал қалалық соты Орал қалалық ІІБ-нің тергеушісіне қатысты дәлелдемелерді бұрмалау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сай тергеуші Н.Суналиевтің өндірісінде төрт тұлғаға қатысты ұрлау фактісімен айыптау жөнінде қылмыстық іс болған. Ол іс материалдарына маңызы бар мәліметтерге, атап айтқанда тергеу іс-әрекеттерінің хаттамалары мен басқа да құжаттардың нақты мәліметтерін бұрмалаған.

Орал қалалық сотында сот ғимараттарына өткізуді қамтамасыз ету тәртібі туралы ережесі талқыланды

24/12/2015

Орал қалалық сотында «Батыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі туралы» ережесін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Медиация қолданылды

22/12/2015

Орал қалалық сотында ұсақ-түйек жымқыру фактісімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Үстіміздегі жылдың қараша айында А.Бекказиев   дәріханадан емдік дәрі мен жақпа майды жымқырып, 17 490 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Келтірілген шығынды толық өтеген.

Денсаулыққа зиян келтіргені үшін сотталды

22/12/2015

Орал қалалық сотында қасақана ауыр дене жарақатын салған азаматшаға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай, М.Ялова 2015 жылдың тамыз айында түнгі уақытта үйіне масаң күйінде келген. Оның анасы оған ескертулер жасап, содан кенеттен  болған ұрыс барысында, ол жәбірленушінің іш тұсына ас үй пышағымен соққы жасаған. 

Орал қалалық сотының үкімімен М.Ялова ҚР ҚК-нің 106 б. 1 б. (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) айыпты деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған полиция қызметкеріне қатысты сот үкім

10/12/2015

10.12.2015 жылы Орал қалалық сотында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Іс материалдарына сай, БҚО ІІД-нің криминалды полиция басқармасының аға жедел уәкілі К.Дусетов лауазымдық қызметтерін атқару барысында дүкенге қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша жауаптауға жеткізілген күдікті Б.Салдагалиевке қатысты күш қолданған.

Беттер