Орал қаласында қылмыстық жазаны орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласында қылмыстық жазаны орындау мәселелеріне  қатысты  «дөңгелек үстел» өтіп, оның жұмысына Орал қалалық  сотының судьясы К.Өтешев,  БҚО прокурорының  көмекшісі А.К.Ахмулдин,  БҚО бойынша ҚАЖД РУ – 170/1, РУ – 170/2, РУ- 170/3 түзету мекемелерінің басшылары, БҚО әкімдігі аппаратының, БҚО ІІД-нің өкілдері  қатысты.

2016 жылдың желтоқсанында Қазақстанның қылмыстық саясатының ізгіленуіне сонымен қатар, адамдардың құқықтары мен бостандығын қорғауға жасалған маңызды қадам болып есептелетін «Қазақстан Республикасындағы пробация туралы» Заңы қабылданды. Сотқа дейінгі пробация-күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы, ал, пенитенциарлық пробация қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметке қосу жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы.

БҚО бойынша ҚАЖД-нің бастығының орынбасары Д.Атанбаев қазіргі кезде облысымыздың Қылмыстық – Атқару Департаментінің  қызметкерлері  сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробация механизмдерін іске асыру мақсатында жұмысқа кіріскенін айтты. Қатысушылар жазаны орындау мекемелеренінің бақылауындағы тұлғаларды қадағалау, олардың қайтадан жаңа құқықбұзушылықтар жасауын болдырмау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген және өздеріне жүктелген міндеттерді қасақана орындамаған азаматтарға қатысты жаза түрлерін ауыстыру мәселелері, ал шартты сотталғандарға пробациялық бақылау мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айыру түріне  ауыстыру мәселелері шешіледі.

Судья К.Өтешев қылмыстық істер бойынша түзету мекемесі және пробация қызметкерлерімен жазалардың орындалу сапасын жақсарту мақсатында қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманың атқарушылық талаптарын басшылыққа алуға, үкімдердің дұрыс және сапалы орындалуы қажет екенін айтып өтті.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі