Ұрлық фактісіне қатысты іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2017 жылдың ақпан айында Ч. және Б.  азық-түлік дүкенінің ғимаратына заңсыз кіріп, жалпы сомасы 68 000 теңге құрайтын тауарды ұрлаған, алайда оқиға орнында күзет қызметкерлерімен сол жерде ұсталған.

Сот отырысында сотталушылар кінәларын толық  мойындап,  қазіргі уақытта өздері мен жәбірленуші арасында медиация рәсімі бойынша келісім жасалғанын айтып, сотқа аталған келісімді ұсынды.  

ҚР «Медиация туралы» Заңының 27 бабының 7 бөлігінде, дауды (дау-шарды) «Медиация туралы» Заңына сәйкес реттеу туралы келісім, дереу іс жүргізілуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберілетіні және ол ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән жай болып табылатыны көзделген.

ҚР ҚК-нің 68б. 1б. сәйкес ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. Сотталушымен жасалған іс-әрекеті ауырлығы орташа қылмыс санатына жатады.

Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 24б. 3б. - 188б. 2б. «1,3»т. ( адамдар тобымен қызметтік үй-жайға заңсыз кірумен ұрлық жасауға оқталу) қылмыстық іс бойынша өндіріс тараптардың келісімге келуіне байланысты ҚР ҚК-нің 68б. 1б. сай медиация тәртібімен қысқартылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі