Оралда экономикалық қызмет саласындағы қылмысты дәрежелеу және жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданылу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында прокуратура, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің, кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.  

Отырыс барысында қатысушылар жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданылу және экономикалық қызмет саласындағы қылмысты дәрежелеу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бір қылмысты екіншісінен ажырату қағидалары, заңсыз кәсіпкерлік қызметтің және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырудың (жылыстатудың) белгілері нақты  тұжырымдалды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жалған кәсіпкерлік туралы істерді тергеп-тексеру барысында туындайтын мәселелері туралы, жалған мәмілені дәлелдеу, жалған кәсіпкерлік туралы істі тергеп-тексеру барысында күдіктінің әрекетін саралау бойынша, контрагент-сатып алушының салықты төлеуден жалтаруын дәлелдеу шегі туралы айтты.

Жалған кәсіпкерлік туралы істер бойынша құқыққолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері, сотқа дейінгі тергеу сатысындағы қызметтің негізгі бағыттары, жалған кәсіпкерлікті анықтау тәсілдері мен түрлері туралы Орал қалалық сотының судьясы Р.Жұмағұлов баяндады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар әрі қарайғы жұмыстың мақсаты жалған кәсіпкерлік туралы істерді тергеу және қарау барысында адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және заңдылықты сақталу екенін түйіндеді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі