Орал қалалық соты

Орал қалалық сотында электрондық атқару құжаттарын жолдау тәртібін талқылады

23/05/2016

Орал қалалық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен ««Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесінде атқару парақтарын электрондық құжат нысанында жіберу» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Жалған хабарлау бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқтырды

19/05/2016

Орал қалалық соты терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қарады. 

Іс материалдарына сай 2016 жылдың сәуір айының ортасында Р.Хусаинов өзінің үйінде алкогольді мас күйінде бола тұра, ұялы телефонынан «102» оператор номеріне телефон шалып, Орал қ. ІІБ-нің Абай полиция бөлімшесінде жарылыс заттың қойылғаны туралы жалған хабарлаған.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың қызметкерлерімен кездесу өтті

18/05/2016

Орал қалалық сотының судьялары Р.Жумагулов және А.Исмайлов БҚО Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы қызметкерлерімен кездесті.

Сонымен қатар, шараға БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, әскери прокуратура өкілдері қатысты.

Меншікке қарсы жасаған қылмыстары үшін сотталды

12/05/2016

Орал қалалық соты мүлікке қарсы қылмыс жасаған тұлғаларды айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сай 2015 жылдың қазан – қараша айларында П.Крайнов мас күйінде тұрғын үйлердің құлыптарын бұзып кірген. Кейін үйдегі мүліктерді ұрлап, жәбірленушілерге 200 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Орал қалалық сотының судьялары сот жүйесі ардагерлерін құттықтады

06/05/2016

Ұлы Женістің 71 жылдығы  қарсанында Орал қалалық сотының төрағасы Б.Мәмбетов және судья Р.Жұмағұлов көп жылдар бойы сот жүйесінде қызмет атқарған сот жүйесінің ардагерлері Ухманов Заир Батырұлын және Донскова Маргарита Алексеевнаны құттықтады

Беттер