Бөкейорда аудандық соты

Мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

19/04/2024

Бөкей ордасы аудандық сотында төрағалық етуші судья О.Миралиевтің, аудандық прокуратура және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырыста аудандық соттың төрағасы О.Миралиев отырысты бастап ашып, мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаларға тілдің қолданылу аясын кеңейту және мемлекеттік қызмет салаларында іс-қағаздарын ана тілімізде жүргізу, жаппай мемлекеттік тілімізде сөйлеу қатаң бақылауға алыну керектігі жөнінде айтты.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне орай кездесу өткізілді

24/11/2021

Бөкей ордасы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне орай кездесу өтті.

Тараптардың татуласуына байланысты бес іс қысқартылды

12/09/2019

Бөкейорда аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін азамат  5 азаматқа  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Үш би бейнесі орналастырылды

19/06/2019

Рухани жаңғыру аясында «Ұлттық код» ретінде қазақтың билерінің дәстүрін жаңғырту, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты насихаттау, дауласушылық деңгейін төмендету мақсатында, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, сот ғимаратының алдына «Татуласу: Сотқа дейін, сотта» атаумен Үш би (Төле би, Казыбек би, Айтеке би)  суреттері бейнеленген баннер орналастырылды.

Аудандық соттағы сенбілік

23/10/2018

2018 жылдың 20 қазанында Бөкей ордасы аудандық сот ұжымымен сот ғимаратының ауласында сенбілік өткізілді.

Сенбілік барысында толықтай ұжым қатысуымен сот  ғимаратының ауласындағы қоқыстар тазаланып, теректердің түптері қопсытылып, қоқыстар арнаулы орынға шығарылды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау барысында жіберілген кемшіліктер бойынша семинар»

16/01/2018

Сайқын ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторларының қатынасуымен «2017 жылы қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау барысында жіберілген кемшіліктерді  талқылау» тақырыбында семинар өткізілді.

Әке болуды даулау медиация тәртібімен аяқталды

03/08/2017

Бөкей орда аудандық сотына аудан тұрғыннан жауапкер екеуінің арасындағы бала ортақ еместігін алға тартып, әкесі емес деп танып, туу туралы куәліктегі әкесі деген жазбаны алып тастау туралы әкелікті даулау бойынша арыз түсті.

Беттер