Шетел азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

03.05.2023 жылы Бөкей ордасы аудандық сотында Ресей Федерациясының азаматы О.К.Санджиевке қатысты ҚР ҚК 392 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, РФ азаматы И.О.Санджиев, Волгоград қаласында орналасқан Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің 22220 әскери бөлімінің әскери қызметшісі бола тұра, РФ ҚК 338 бабында көзделген қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін, 2023 жылғы 25 наурызда №22220 әскери бөлімінен өз еркімен шығып, 2023 жылғы 26 наурыз күні шамамен сағат 09:30 уақытта КР мен РФ тарапынан қоршаулар мен белгіленген шекаралық белгілерді елемей, металлдық сымнан жасалған қоршаудан өтіп, өткізу пунктерінен тыс жермен Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын  ауылы бағытына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Сот отырысында сотталушы И.О.Санджиев өзіннің кінәсін толық мойындап, өзінің әрекеттерінің заңсыздығын толық түсініп, аталған құқық бұзушылықты жасағанын ұғынған. Қазіргі таңда істеген әрекетіне өкінеді. Бас бостандығын айырмауды және Қазақстан Республикасының шегінен шығармауды сұрады.

Сот, қылмыстық істің құжаттарын зерттеп, Игорь Олегович Санджиевті ҚК-нің 392 бабы 1 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру, ҚК 63 бабының қолдануымен шартты түрде жазасын тағайындады.

Сотталушының Қазақстан Респбуликасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері, жұмысы, туыстары жоқ екенін және Ресей Федерациясының азаматы И.О.Санджиевке Қазақстан Республикасының аумағында босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ 02.05.2023 жылғы №7 шешімін ескере отырып, сот Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберу қосымша жазасын тағайындамауға негіз жоқ деген қорытындыға келді

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі