Тараптардың татуласуына байланысты бес іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкейорда аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін азамат  5 азаматқа  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқықбұзушылар өз жолдастарына сыйламаушылық көрсетіп, боқтап-балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, жанұяның тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасағандығы анықталған. 

Сот талқылау барысында судья тараптарға татуласуға ұсыныс жасап, медиация тәртібінде дауды реттеудің құқығы түсіндірілген.

Тараптар кәсіпқой емес медиатордың көмегімен өзара медиативтік келісім жасасып, оның шартында өзара татуласқандарын және соттан істі тоқтатуды сұраған.

Сот тараптардың медиативтік келісіммен татуласуына байланысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді ҚР ӘҚБтК-нің 64-бабы 1 бөлігі негізінде тоқтатты.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі