1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне орай кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей ордасы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне орай кездесу өтті.

Кездесуге аудандық соттың төрағасы Олжас Миралиев, аудандық прокуратураның прокуроры Руслан Шәкіржанов, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Зияш Зайнуллина, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айнагүл Батырханова, кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Гүлмира Гайсина, Айсұлу Темірешова, Зульфина Мукатова, Әсемгүл Абдушева, Айсара Ситуллина және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Ұлт басшысы, Елбасымыздың еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Жастардың бойындағы шығармашылық таланттарын шыңдау, зеректікке баулу, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Кездесу барысында аудандық соттың төрағасы Олжас Миралиев пен аудандық прокуратураның прокуроры Руслан Шәкіржанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен түрлі заңнамалық нормалары қабылданғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, кітапхана директоры Айнагүл Батырханова шараға қатысушыларға Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі, Қазақстанның маңызды оқиғалары мен хроникасы, тәуелсіздік кезеңінде болған оқиғалары, еліміздің ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы және қазіргі тарихтағы Елбасының рөлі жайында ақпараттарды жеткізді.

Шара соңында аудандық соттың төрағасы Олжас Миралиев шараға белсене атсалысқан студенттерге алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі