Әке болуды даулау медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей орда аудандық сотына аудан тұрғыннан жауапкер екеуінің арасындағы бала ортақ еместігін алға тартып, әкесі емес деп танып, туу туралы куәліктегі әкесі деген жазбаны алып тастау туралы әкелікті даулау бойынша арыз түсті.

Дегенмен, сот отырысында талапкер баланың биологиялық әкесі болып танылып, әкелікті даулап сотқа арыз бергені үшін жауапкерден кешірім сұрап, болашақта ұлына материалдық қолдау көрсетіп, жауапкерге іс жүргізу шығындарын төлейтінін, медиация тәртібімен келісім жасауды ұсынып, талап арызынан бас тартып, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

ҚР АПК-нің 277 б. 6 т талабы бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны бекітсе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады деп көрсетілген.

Аталған азаматтық іс бойынша тараптар арсында медиация тәртібімен жасалған дауды реттеу келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі