Мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей ордасы аудандық сотында төрағалық етуші судья О.Миралиевтің, аудандық прокуратура және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырыста аудандық соттың төрағасы О.Миралиев отырысты бастап ашып, мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаларға тілдің қолданылу аясын кеңейту және мемлекеттік қызмет салаларында іс-қағаздарын ана тілімізде жүргізу, жаппай мемлекеттік тілімізде сөйлеу қатаң бақылауға алыну керектігі жөнінде айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді жетік біліп, оған айрықша жанашырлық таныту, тіліміздің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз болып саналады. Бұл мәселеге президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да айрықша мән беріп отырғаны белгілі- деді өз сөзінде.

Отырысқа қатысушылар өзара пікір алмасып, мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға міндетті екенін айтып қорытындылады.

т.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі