Архив событий

11/04/2017

Тіркелмеген қаруды заңсыз тасымалдаған

11/04/2017

Тасқала аудандық соты  ішкi iстер органдарында тiркелмеген қару мен оқ дәрілерді тасымалдағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын ҚР ӘҚБтК-нің 482 б. 1 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттерімен «Ашық есік күні" өтті

11/04/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотында  М.Өтемісов  атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  заң  факультетінің 2 курс студенттерінің  қатысуымен  «Ашық есік күні»  өткізілді.

Сот науқасты мәжбүрлеп емдетуге жолдады

11/04/2017

«Зеленов аудандық  ауруханасы» ШЖҚ МКК-сі «Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі» диагнозымен есепте тұратын және емделуді қажет ететін азаматты мәжбүрлі түрде емдеуге  жіберу туралы арызымен сотқа жүгінген. Науқас туберкулезге қарсы тәртіпті үнемі бұзып, емделу режимін бұзу салдарынан айналасындағыларға эпидимиологиялық қатер төндірген.

Жол-көлік оқиғасы орнынан бой тасалаған

11/04/2017

Зеленов аудандық №2 соты жол-көлік оқиғасының қатысушысы болып табылатын тұлғаға қатысты оқиға орнын тастап кету белгілері бойынша әкімшілік істі қарады.                                                                                          

Оңайлатылған іс-жүргізудің тиімділігі

11/04/2017

Ағымдағы жылдың басынан Теректі аудандық сотымен барлық қаралған азаматтық істен 43% құрайтын, 46 азаматтық іс оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қаралды.

Сот адал мердігер компанияның құқығын қорғады

11/04/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мемлекеттік мекеменің талап арызы бойынша ЖШС-нен мемлекет пайдасына 1 525 800 теңге өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.