Архив событий

24/04/2017

Орал қаласының №2 сотында азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ҮЕҰ-ның қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

24/04/2017

Орал қаласының №2 сотында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілінің, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің  және БАҚ-тың қатысуымен "Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру» тақырыбында «дөңгелек үстелге» өтті.

Іс бітімгершілік келісімімен толықтай аяқталды

24/04/2017

Жеке кәсіпкер жауапкер «Азия Тех Строй» құрылыс компаниясы ЖШС-нен шарт бойынша  жалға берген экипажы мен техникасы үшін, 6 564 300 теңге бережақ соманы өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.

Некені бұзу туралы екі іс пилоттық жоба аясында қысқартылды

24/04/2017

 

Таскала аудандық соты екі азаматтық істе медиация тәртібімен қысқартты.

Азаматтық процестік кодекстің 165-бабының, 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татауласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.

Көршілерінің тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

24/04/2017

Тасқала аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сай, құқық бұзушы Тасқала ауылында көршісіне былапыт сөздер айтып,  айқай шу шығарып, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Қазақ радиосына сұхбат берді

24/04/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары А.Давлетова және Қ.Қадырбеков Қазақ радиосындағы «Заңдылық» бағдарламасына қатысты.

Орал қ. МӘС-да құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды және әкімшілік істерді әзірлеу сапасы талқыланды

24/04/2017

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Орал қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметі,  прокуратура, ҮЕҰ-ның өкілдерінің және сот судьяларының қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды әзірлеудегі өзекті мәселелер талқыланды.

Медиация жолымен бұрынғы ерлі-зайыптылар татуласты

24/04/2017

БҚО Зеленов аудандық №2 соты ҚР ҚК-нің 131 б. 1 б.  бойынша қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты.

Сот барысында анықталғандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдық жағдайында тіл тигізу  қорлау  салдарынан, бір-бірін ҚР ҚК-нің 131 б. 1 б.  бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке  айыптау шағымы мәлімделген.