Архив событий

28/04/2017

Қайырымдылық акциясы

28/04/2017

Шыңғырлау аудандық соты сот төрағасы М.Қадырбаевтың  басшылығымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету аясында қайырымдылық акциясына қатысты.

Судья А.Маженова төрт бала тәрбиелеп отырған Шыңғырлау ауылының тұрғыны Г.Тлегенованың тұрғын үйіне барып, оларға ұжым атынан күнделікті қажетті азық-түліктерді табыс етті.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «дөңгелек үстел» өтті

28/04/2017

Сырым аудандық соты кеңсе меңгерушісі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалың мәжіліс залында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында  жергілікті мемлекеттік орган өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларының және қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» қатысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу мәселелері

28/04/2017

Казталов ауданының №2 сотында полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұдан басқа, осы отырыста әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жіберудегі мәселелері де талқыланды.

Орал қаласының №2 соты меншік құқығын қалпына келтірілді

28/04/2017

Орал қаласының №2 соты меншік құқығын қалпына келтіру туралы талап арыз қарады. Талапкер 2008 жылы жауапкерге жалға берген автобустың иесі болатынын көрсетіп, жауапкерден заңсыз иеленген мүлікті қайтару туралы арызбен сотқа жүгінген.

Жол-көлік оқиғасы үшін жүргізуші жауапқа тартылды

28/04/2017

Қаратөбе аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 610 б. 2 б. әкімшілік істі қарады.

Көлік жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан құқық  бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 2 бөлігімен жауапкершілігі көзделген.

Жергілікті полиция қызметкерлерімен семинар сабағы өтті

28/04/2017

Жәнібек аудандық сотының судьялары әкімшілік заңдардың нормаларын зерделеу мақсатында  сонымен қатар, әкімшілік істердің сотпен тиісті түрде рәсімделуі үшін қайта қайтарылуы бойынша Жәнібек аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Сұлтанғалиев және полиция қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағын өткізді.

Сот отырысының хатшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

28/04/2017

2015 жылғы 24 қарашадағы Департамент басшысының бұйрығымен сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио- бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу туралы  бекітілген қағидаларына сәйкес сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалануды сот отырысының хатшысы іске асырады.

Облспорттың бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттікліктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

28/04/2017

Орал қалалық соты ҚР ҚК-нің 366 б. 3 б. 4т., 189 б. 3 б. 1,2т. бойынша Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт  басқармасының басшысы Т.Шаяхметовке қатысты сот үкімін жариялады.

Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалды

28/04/2017

Бөрлі аудандық сотының үкімімен сотталушы Е. ҚР ҚК-нің 188 бабы 4 бөлігі 3) тармақшасы бойынша, аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін 5 жыл мерзiмге бас бостандығынан айырылған. ҚР ҚК-нің 63 б. негізінде тағайындалған жаза шартты деп танылып, жазаның барлық мерзіміне сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалды.

Зеленов аудандық №2 соты 2017 жылдың 1 тоқсандағы жұмысын қорытындылады

28/04/2017

Зеленов аудандық №2 сотында «Ауыл тынысы» аудандық газет тілшісінің қатысуымен, соттың 2017 жылдың 1 тоқсанының  жұмысын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді.

Брифинг барысында сотттың төрағасы Ш.Зайнуллина сотта қаралған істер санаты бойынша статистикалық мәліметтерді хабарлады.