Архив событий

25/04/2017

Сот заңсыз босатылған қызметкерді бұрынғы лауазымына қайта орнатты

25/04/2017

Орал қаласының №2 соты жұмыс беруші «Б» ЖШС-ның жұмыстан заңсыз босатылған бас инженер азамат Г-ны лауазымына қайта орнатып, еріксіз жұмыссыз жүрген уақытындағы 1 200 000 теңгені құрайтын еңбек ақысын және 150 000 теңгені құрайтын моральдық шығынын өндіріп берді. Сот талқылауы барысында ЖШС-нің әкімшісі мен кәсіподақ арасындағы ұжымдық келісім-шарттарының талаптары сақталмай, еңбек заңнамасының нормалары бұзылғандығы анықталды. 

Еңбек дауы медиация тәртібімен аяқталды

25/04/2017

Талап қоюшы өз талап арызында жауапкер ЖООБМ директорының жұмыстан шығару туралы бұйрығын заңсыз деп танып, қайта қызметіне орналастырып, бос жүрген күндеріне еңбек ақысын, өкілдің қызметіне төленген 150 000 теңге шығынды және 500 000 теңге моральдық залал өндіруді сұрады.

Мұрағат жұмысын ұйымдастыру

25/04/2017

Бөкей ордасы аудандық сотының мәжіліс залында «Мұрағат жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға аудандық мұрағаттың мамандары және басшысы К.Елемесов және сот қызметкерлері қатысты.

Казталов аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

25/04/2017

Казталов аудандық  сотында  өткен «Ашық есік күні» шарасында азаматтарды сот төрағасы Р.Хайрбеков қабылдады.

Сот төрағасының қабылдауында болған Казталов ауданы, Бозоба ауылының тұрғыны Г.Мырзагалиева жеке тұрғын үйдің құжаттарына қатысты мәселелері бойынша сауалдарын қойып, заң тұрғысынан тиісті жауаптарын алды.

«Өту режимін сақтау» тақырыбында семинар сабағы өтті

25/04/2017

Жәнібек аудандық сотында күзет қызметін атқаратын  Жәнібек аудандық 2 ПБ МКҚБ ММ-нің полиция  командирі  А.Кошметов және полиция қызметкерлерінің  қатысты «Өту режимін сақтау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

25/04/2017

Бөрлі аудандық сотының үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 307 б. 1 б. мүлкі тәркіленіп, 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелді.  БҚО бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінің сақтау камерасында тұрған үш ойын  жабдығы үкім заңды күшіне енген соң мемлекеттің пайдасына айналады.

Медиация – дауларды шешудің тиімді тәсілдерінің бірі

25/04/2017

Зеленов аудандық соты Зеленов аудандық әкімдігімен бірлесіп, «Медиация – дауларды шешудің тиімді тәсілдерінің бірі» тақырыбында семинар өткізді. Шараға аудандық сот төрағасының м.а. А.Тюлегенов, кеңсе мамандары, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Р.Шауенов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ж.Иманалиев, кәсібиемес медиаторлар,  ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделген

25/04/2017

Бөрлі аудандық сотында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тарту туралы тақырыбында семинар өтті. Шараға аудандық соттың судьялары, құқық қорғау органдарының, пробация қызметінің, оқу мекемелерінің, әкімдіктердің және жергілікті газеттердің өкілдері,  сот орындаушылары қатысты.