Архив событий

14/04/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында БҚО соттарының 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы қорытындыланды

14/04/2017
Батыс Қазақстан облыстық сотында алқа төрағалары мен облыстық сот судьяларының, аудандық, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағаларының, БҚО бойынша соттар әкімшісі басшысының қатысуымен  БҚО соттарының 2076 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Жаңа судья таныстырылды

14/04/2017

Батыс Қазақстан облысының төрағасы Бек Әметов Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымына тағайындалған Ульяна Ерланқызы Хайруллинаны  сот ұжымына   таныстырды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/04/2017

Орал қалалық сотымен алаяқтық фактісіне қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2016 жылдың желтоқсан айында алаяқтық жолымен, өнімді сауда орындарына өткізу желеуімен жәбірленушінің көкөніс өнімдерін иемденіп, материалдық шығын келтірген. 

Оралда «Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау» тақырыбында семинар өтті

14/04/2017

Оралдағы Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Батыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен «Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау» тақырыбында семинар өтті. Іс – шараға судьялар мен заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамыны және студенттер қатысты.