Архив событий

10/04/2017

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округінің медиаторларымен кездесу

10/04/2017

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде сот төрайымы Г.Сағитованың басшылығымен кәсіпқой емес медиаторлармен кездесу өтті.

Шара ҚР «Медиация туралы» Заңын қолдануда медиаторларға методикалық және практикалық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу –ыңғайлы, тез және оңай

10/04/2017

Қазақстан Республикасының Азаматтық ісжүргізу кодексінде  «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының реформасы көрініс тапты. Кодекс сот тиімділігінде азаматтар мен заңды тұлғалардың бостандықтары мен заңды мүдделерін, конституциялық құқықтарын және даулардың шешу сапасының жеделдігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Сот ісін қысқарту мақсатында, іс жүргізудің жаңа түрі–оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу енгізілді.