Жер телімін алу тізіміндегі кезекте қайта қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты жауапкер іс-әрекетін заңсыз деп тану және жер телімін алу үшін тізім бойынша кезекті қайта қалпына келтіру туралы азаматтық іс қарады.

Талапкер 2007 жылы жер телімін алу үшін арыз жазған, 2013 жылы арыздың жылжуы туралы білу үшін қайтадан жүгінген, алайда оған «Орал қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ талапкердің жер телімін алу үшін кезекте тұрғандығы жөнінде хаттың көшірмесін берген.  2016 жылы талапкерге тізімдегі кезекте жоқ екендігін туралы жазбаша хат берілгендігін өз талабында көрсетеді. Сол себептен жауапкер іс-әрекетін заңсыз деп тану және жер телімін алу үшін тізім бойынша кезекті қайта қалпына келтіруді сұрайды.

Қазақстан Республикасы АПК-нің 292 бабы 1 тармағына сай,  Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға құқылы.

Сот отырысы барысында жауапкер өкілімен 2007 жылы арызға сай талапкер жеке тұрғын үй құрылыс үшін жер телімін алу жөніндегі арызы бойынша кезекке тұрғандығы  анықталды және расталды. Сотта «Жер қатынастар бөлімі» ММ-нен жауаптың түпнұсқасы табысталды.

Бұл талапкердің расында жер телімін алу үшін кезекте тұрғандығын көрсетеді.

Сотпен талап арыз қанағаттандырылды

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі