Қоғам өкілдері мен батыс өнірінің адвокаттары сотта өкілдік етуді реттеудің халықаралық тәжірибесіне жүргізілген зерттеу қорытындысын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотта өкілдік етуді реттеудің халықаралық тәжірибесіне жүргізілген зерттеу қорытындысын талқылап және одан әрі қабылданған ұсынымдарды іске асыру бойынша шара қолдану мақсатында, Орал қаласының №2 сотының пікірталас аланыңда судьялар мен облыстық адвокаттар алқасынының жетекші адвокаттарын, заңгерлер мен азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйым мүшелерін жинаған «дөңгелек үстел» өтті.

Сәлемдесу сөз алған, Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев Елбасымыздың Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30  мемлекеттердің  қатарына кіру бойынша тапсырмасы әлемдік ең үздік тәжірибелерді зерттеусіз мүмкін еместігін атап өтті.

Кездесу барысында Орал қаласының №2 сотының судьясы Шынар Шайдиева ҚР Жоғарғы соттың жанындағы Халықаралық кеңесінің Сотта өкілдік етуді реттеудің халықаралық тәжірибесіне жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдар туралы айтып берді.

Судья сот жүйесіндегі реформалары сотта мүдделерін өкілдігінің реформалауымен тығыз байланысты екендігін атап өтті, оның айтуынша тәжірибеде дұрыс жасалмаған арыз, не білікті заң көмегін көрсетпеген салдарынан тараптар өз құқықтарын қорғай алмай жатқан жағдайлар жие кездеседі.

Талқылау барысында ұсыныс ретінда заңгерлерге сот практикасын қорыту негізінде жасақталған және Жоғарғы Соттың жеке басқа да нормативтік қаулыларын бар электрондық «Форум «Талдау» сервисін белсенді қолдануларын ұсынды. Білімді жетілдіру мақсатында Жоғарғы Соттың басылымдарын пайдалану ұсынылды.

Жиналғандар бір ауыздан батыс өнірінің сот қауымдығы мен үкіметтік емес ұйымдардың арасында  өзекті мәселелерді зерделеу бойынша кездесулерді тұрақты  түрде өткізу туралы айтты.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі