Орал қаласының №2 сотының ғимаратында Халыққа қызмет көрсету орталығының мобильді бөлімшесі ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру, электрондық іс жүргізуін одан әрі дамыту мақсатында азаматтарға электрондық санды қолтанба беру бойынша Орал қаласының №2 сотының ғимаратында Халыққа қызмет көрсету орталығының мобильді бөлімшесі жұмыс жасап бастады.

Арнайы бөлінген жұмыс кабинетінде «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес қоғамның жауапты қызметкері электрондық санды қолтанба беруден басқа азаматтарға қажетті аңықтамалық құжаттарды беру қызметін жүзеге асырады. Ал өз кезегінде, соттың қызметкерлері «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электронды арыздарды беру барысында практикалық көмек көрсетеді.

Электрондық ақпараттық сервисі жұмыс жасағалы Батыс Қазақстан облысы бойынша «Сот кабинеті» арқылы 2 200 106 арыз түскенін айтап өткен жөн, алайда, азаматтар «Сот кабинеті»  пайдалану үшін ЭЦҚ-ны рәсімдеудегі қиыншылықтарын туындайтынын бірнеше рет айтқан болатын, енді осы мәселелердің шешілуіне байланысты, барлық қызметтер азаматтарға сот ғимаратының ішінде қол жетімді болады.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі