Сот жер учаскесін бөлу бойынша келісуден бас тартуды заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты қала тұрғынының Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ-не сот жер учаскесін бөлу бойынша келісуден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарап,  талап арызды қанағаттандырды.

Сот отырысында 2016 жылы талапкерге уәкілетті органда меншік құқығы тіркелген жер учаскесі берілгені аңықталды. Жер учаскесінің бөлінгіштігі фактісі тұрғын үйге қызмет көрсету үшін берілген мемлекеттік актісімен белгіленген.

2017 жылы ММ-сі жауапкер атынан жер учаскесін бөлу бойынша келісуден бас тартты, өйткені бұл тұрғын үйдің санын арттырады, осылайша сумен, электр жабдықтану, газдандыру тұтынуын да артады, нәтижесінде инженерлік қамтамасыз ету сапасы бұзылатындығына сілтеме жасаған болатын. Дегенмен, жауапкер ол бөлу  қала құрылысы нормаларын талаптарын бұзатыны туралы ещқандай да бір дәлл ұсынбады.

Жер Кодексінің 51 бабының 1 бөлігіне сәйкес, бөлінетін жер учаскесі ол өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай  бөліктерге бөлуге болатын, бөлінгеннен кейін әрқайсысы дербес жер учаскесі болатын учаскесі болып табылады.

Осыған орай, жердің бөлінгіштік фактісі оны беру кезінде уәкілетті органмен анықталғанын ескере отырып, сот жауапкердің жер учаскесін бөлу бойынша келісуден бас тартуын заңсыз деп танып, жауапкерді орын алған бұзушылықты жоюға, талапкердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін шешім заңды күшіне еңген соң  бір ай мерзім ішінде қалпына келтіруді міндеттеді

Сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ.

 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі