«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырым аудандық соты кеңсе меңгерушісі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалың мәжіліс залында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында  жергілікті мемлекеттік орган өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларының және қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» қатысты.

Шараға қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары  үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтты.

Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж-М.Вебер  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тосқауыл қою» тақырыбында баяндама жасап, мемлекетіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін тиімді қалыптастыру мақсатында оған қарсы іс-қимыл стандарттарын жасауға мүмкіндік беретін әрекеттерді кезең-кезеңімен қабылдап келетінін атады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар шараның соңында өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта аталған іс-шараларды жалғасын табатының атап өтті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі