Алимент төлемеген борышкерге іздеу жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекетік  сот орындаушы Сырым  аудандық сотына борышкерге қатысты іздеу жариялау туралы ұсынысын түсірді.

ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 45-бабының 1-бөлігіне сәйкес, борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті.

Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер өзінің тіркеудегі мекен-жайы бойынша тұрмаған және жарты жыл бойы тұрғылықты жерін жасырып келген.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерделеп, сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырып, борышкерге іздеу жариялады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі