Сырым аудандық сотының төрағасы Г.Кулмуханов "Ашық есік күнін" өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Сырым аудандық сотының төрағасы Г.Кулмуханов аудан тұрғындарына «Ашық есік күнін» өткізді. Тұрғындарға өздерін толғандырған сауалдарын қоюға үлкен мүкіндік туды. Жүгінімдер негізінен заңдық мүдделерін сотпен қорғауға бағытталған азаматтық құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ, тұрғын үй мәселелері  тұрғысында болды. Әрбір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауап берілді және татуластыру рәсімдерін кеңейту және дауды соттан тыс реттеу механизмдері бойынша түсінік берілді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі