Бұрын сотталғанға әкімшілік қадағалау тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырым аудандық соты Сырым АІІБ бастығының Алғабас ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынымын қанағаттандырды.

Әкімшілік қадағалау кәнігі қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тараптарынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, олардың мінез-құлқын қадағалау түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде, судьяның қаулысы негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.

ҚР «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңының 2 б. «в» т. сәйкес, әкiмшiлiк қадағалау егер жазаны өтегеннен кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртіпті, адам мен азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін үнемі бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болған адамдарға белгіленеді.

Іс материалдарынан анықталғандай, азамат бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін, қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және құқыққа қарсы өмір сүруін тоқтату туралы ескертілген.

Сот жоғарыдағы жайтты ескеріп, ішкі істер органдарының ұсынымын қанағаттандырып, белгіленген тұлғаға қатысты заңмен белгіленген шектеулер қолдана отырып, 6 ай  мерзімге әкімшілік қадағалау орнатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі