Сырым аудандық соты

Сырым аудандық сотының төрағасы Г.Кулмуханов "Ашық есік күнін" өткізді

08/06/2017

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Сырым аудандық сотының төрағасы Г.Кулмуханов аудан тұрғындарына «Ашық есік күнін» өткізді. Тұрғындарға өздерін толғандырған сауалдарын қоюға үлкен мүкіндік туды. Жүгінімдер негізінен заңдық мүдделерін сотпен қорғауға бағытталған азаматтық құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ, тұрғын үй мәселелері  тұрғысында болды.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «дөңгелек үстел» өтті

28/04/2017

Сырым аудандық соты кеңсе меңгерушісі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалың мәжіліс залында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында  жергілікті мемлекеттік орган өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларының және қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» қатысты.

Сот бұйрықтары бойынша салық берешектері өндірілді

19/04/2017

Сырым аудандық соты «Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің пайдасына борышкерлерден көлік құралы салығы бойынша берешектерін өндіру туралы 26 азаматтық іс қарады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы борышкерлерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы ескертулер жібергенімен, алайда осы уақытқа дейін берешектер өндірілмеген.

Сырым аудандық сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары талқыланды

19/04/2017

Сырым  аудандық сотында Елбасының «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың, әкім аппаратының, ішкі саясат бөлімінің, құқық қорғау органдарының, прокуратураның «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты.

Масаң күйде жасалған көлік оқиғасының салдары

24/03/2017

Батыс Қазақастан облысы Сырым аудандық соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару салдарынан көлік құралдарын бүлдіру фактісі бойынша аудан тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 3 б. әкімшілік істі қарады.

Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғанға әкімшілік жауапкершілік көзделген

03/03/2017

Сырым аудандық соты тоқтап тұрған автокөлігке түйісіп, болған жағдай туралы ішкі істер органына хабарламай жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған кінәлі тұлғаны әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікке тартты.

Ата-аналық міндеттерін орындамағандар әкімшілік жауаптылыққа тартылады

03/02/2017

Ата-ана  өз баласын тәрбиелеуде басқа адамдарға қарағанда артықшылыққа ие. Олар баланың физикалық, психикалық,  адамгершілік, рухани дамуына және міндетті орта білім алуы үшін  жағдайлар жасауға жауапты.

Сонымен қатар ата-аналардың аталған талаптарды орындамайтын жағдайлары да кездеседі.

Беттер