Мектеп оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық сотының судьялары кәмелетке толмағандардың есірткілік психотроптық заттарды, прекурсорларды және олардың аналогтарын заңсыз таратудың алдын –алу  мақсатында жалпы білім беретін мектептерге барды.

Сот төрағасы Е. Алипкалиев «Т.Жароков атындағы жалпы орта мектебінің» 9-11 сынып оқушыларына, судья С.Аяпов «А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінің» 9 сынып оқушыларына дәріс жүргізді.

Кездесу барысында судьялар мектеп оқушыларын «Есірткіге байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті түсіндіру», «Есірткі, психотроптық заттарды, прекурсорларды және және олардың аналогтарын заңсыз тарату» тақырыптарында ақпарат беріп, есірткіні қолданудың салдары туралы түсіндірді.

Іс-шара соңында судьялар еліміздің болашағы, ұлттың өркендеуі мен болашағы соларға байланысты болғандықтан, оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануды тіледі.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі